Қытайда тағы бір вирус тарап жатыр

8 Тамыз 2020, 19:59
2471
Бөлісу:
Қытайда тағы бір вирус тарап жатыр

Алматы, BAQ.KZ. Қытайда кене арқылы жұғатын SFTS вирусының таралып жатқаны анықталды. Бұл туралы Global Times жазды. 

Соңғы мәлімет бойынша бұл індетпен 60 адам ауырып, жетеуі қайтыс болған. Алғашында бұл инфекция Цзянсу провинциясында тіркелген, кейін Аньхой провинциясының тұрғындары да бұл вирусты жұқтырғаны белгілі болды.

 Вирус жұқтырғандардың бірі бұл аурудың белгісі ретінде жөтел, жоғары температураны, сондай-ақ қандағы лейкоцидтер мен тромбоциттер деңгейінің төмендеуін айтқан. 

 SFTS вирусы алғаш 2011 жылы анықталған. Бұл инфекция кене арқылы адамға беріледі, вирус жұқтырған адамнан қан және сілекей арқылы өзге адамдарға жұғады.
Өзгелердің жаңалығы