Қытайда коронавирустың таралуы ушыға түсуі мүмкін

29 Қаңтар 2020, 08:49
1697
Бөлісу:
Қытайда коронавирустың таралуы ушыға түсуі мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайда алдағы 1 аптаның ішінде коронавирус індетінің өршуі күшейеді. Жергілікті билік осылай деп мәлімдеді, деп хабарлады 24.kz.

Қазір дертті жұқтырғандармен байланысқа түскен 44 мыңнан астам адам дәрігерлердің жіті бақылауында. Мамандар 1 науқастан дерттің 2-3 адамға жұғып, оны жеңіл жұқтырған адамның емделуіне 7 күн, ал ауыр халдегі кісінің жазылуына 2 аптадай уақыт кететінін айтады. Бұдан бөлек науқас дерттен айыққан соң да қоршаған ортаға қауіпсіздігі тексерілуі тиіс дейді.

Еске сала кетейік, Қытайда соңғы бір күнде коронавирустан көз жұмғандардың саны күрт өсіп, 106-ға жетті. Ауруды қазірге дейін 4 мыңнан астам адам жұқтырған. Олардың 900-ден астамы ауыр халде жатыр. 

Жаңа дертке кез келген адам шалдығуы мүмкін. Сондықтан вирустың жасөспірімдер арасында таралу ықтималдығын жоққа шығармаймыз. Осыған байланысты профилактикалық жұмыстарға ден қойылып жатыр. Балаларды үнемі бақылап, олардың қорғаныш маскаларын дұрыс киюі мен тазалық шараларын сақтауын қадағалуымыз керек, - деді Қытайдың ауруларды бақылау және емдеу орталығының қызметкері Цзэн Гуан. 
.


Өзгелердің жаңалығы