Қытайда коронавирус жұқтырған адам саны 63,8 мыңнан асты

14 Ақпан 2020, 09:12
1271
Бөлісу:
Қытайда коронавирус жұқтырған адам саны 63,8 мыңнан асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытай Халық Республикасында коронавирус жұқтырған адам саны 63,8 мыңнан асты. 1380 адам қайтыс болды, 6 723 адам емделіп, ауруханадан шықты. 

Бұл туралы ҚХР Денсаулық сақтау мемлекеттік комитеті хабарлады.

Бұған дейін Денсаулық сақтау комитеті 1 367 адамның қайтыс болғанын хабарлаған. Бейсенбі күні статистика өзгерді, тағы 121 адам қаза тапты. 

12 ақпан түнжарымда Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитетке 31 провинциядан (аудандардан, орталыққа бағынысты қалалардан) келген мәліметтерге қарағанда, коронавирустың жаңа түрі салдарынан пневмониямен сырқаттанғандар саны 63 851 адам болды. 55 748 адамның жағдайы орташа деңгейде, 10 204 адамның халі ауыр.  6 723 адам ауруханадан шығарылды және 1380 адам қайтыс болды, - делінген мемлекеттік комитет хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы