Қытай елшілігі Наурыз мейрамын атап өтті

21 Наурыз 2019, 15:54
2181
Бөлісу:
Қытай елшілігі Наурыз мейрамын атап өтті

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшілігі Наурыз мейрамын атап өтті.

Мерекелік жиында қазақша əн-күй ойнап тұрды, ал сахна төрінде қазақ əндері шырқалды. Шараға жиналған түрлі ұлт өкілдері өз ұлттық киімдерімен жүрді. Олар үшін дастархан да жайылды.

Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо Наурыз мерекесіне арналған қабылдау шарасына келген жұртты, барша қазақстандықтарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады.

Қытай елшісі Чжан Сяо жиналған қауымды Наурыз мерекесімен құттықтай келе, баршаға бейбіт өмір, береке-бірлік пен ынтымақ тіледі.

Қымбат Елтайқызы

Өзгелердің жаңалығы