Бас жаңалықтар
Әйелдер басқаратын жеке кәсіпкерлік бір жыл ішінде 11% артқан
07 Наурыз 2019, 15:48 120

Әйелдер басқаратын жеке кәсіпкерлік бір жыл ішінде 11% артқан

Алматы, BAQ.KZ. 2019 жылдың қаңтарында әйелдер басқаратын жеке кәсіпкерлік саны 581,2 мыңға дейін жеткен. Бұл туралы Ranking жазды.

Олардың ішінде 485,2 мыңы бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан кәсіпкерлер. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 10,7%-ға артық.

Жалпы жеке кәсіпкерлер ішіндегі әйелдердің үлесі – 47,2%.

Статистика комитетінің дерегінше, 2018 жылдың басында әйелдердің басқаруымен тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік 648,1 мыңды құраған. Бұл жалпы тіркелген ШОБ-тың 42,1%-ын құрайды.

Әйелдер басқаратын шағын және орта кәсіпкерліктің ең үлкен үлесі Қостанай облысында, онда кәсіппен айналысушы әйелдер 46,6%-ды құраған. Екінші орында 46,3%-бен Қарағанды облысы тұр. Сондай-ақ, ШҚО-дағы әйелдердің үлесі – 45,5%.

Сізден жаңалық