Ярослава Шведова US Open турнирінің 1/8 финалына жолдама алды

4 Қыркүйек 2021, 11:26
1132
Бөлісу:
Ярослава Шведова US Open турнирінің 1/8 финалына жолдама алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова франциялық Фабрис Мартинмен бірге АҚШ ашық чемпионатының жұптық сынында екінші кезеңге өтті.
 

Алғашқы айналымда олар тайбэйлік Чань Хао-Чин мен жаңа зеландиялық Майкл Винусты жеңді. Есеп - 6:4, 3:6, 10:7.

 

Айта кетейік, 1/8 финалда Шведова мен Мартин америкалықтар Сачиа Викери мен Натан Пашамен кездеседі.

Өзгелердің жаңалығы