Бас жаңалықтар
«World CleanUp Day 2021». 11 мың тоннадан астам қоқыс жиналды
21 Қыркүйек 2021, 11:31 154

«World CleanUp Day 2021». 11 мың тоннадан астам қоқыс жиналды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «World CleanUp Day 2021» Дүниежүзілік акциясы аясында 11 мың тоннадан астам қоқыс жиналды.

18 қыркүйекте еліміздің барлық өңірінде «World CleanUp Day 2021» Дүниежүзілік акциясы өтті.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ұйымдастырған шараға 18 мыңнан астам адам қатысты. Жиналған қоқыс көлемі 11 мың тоннадан асты. 23 мың гектар аумақ жиналып, 1800-ге жуық ағаш отырғызылды, - делінген хабарламада.



 Жыл сайын акцияға әлем бойынша 180-нен астам ел және 18 миллион волонтер қатысады. Биыл біздің еліміз төртінші жыл қатарынан қатысып келеді. Акцияны ұйымдастырушылар-«Қазақстанның экологиялық ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ, «Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ, Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен әкімдіктер.

 
Экология министрлігінің мәліметінше, биыл бүкіл ел бойынша тазалау үшін мыңнан астам орын анықталды. Нұр-Сұлтан қаласындағы негізгі алаң Алматы ауданындағы Нұра-Есіл каналының бойындағы учаске болды.

«World CleanUp Day» Бүкіләлемдік акциясы қоқысты жинауға ғана емес, оны сұрыптап, қайта өңдеуге де бағытталған. Сұрыпталған қоқыстардан биыл қайта өңдеуге шыны, пластик, резеңке, қағаз, картон, металл сияқты екі мың тонна қалдық тапсырылды. 



Фото: дереккөз
Загрузка...