Бас жаңалықтар
WhatsApp-та жаңа функция пайда болды
05 Тамыз 2020, 04:35 2787

WhatsApp-та жаңа функция пайда болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. WhatsApp-та жіберілген хабарламалардың шынайылығын тексеруге мүмкіндік беретін жаңа функция пайда болды. 

Қосымшаның блогында хабарланғандай, бұл жаңалық топтық чаттарда қабылданған және бірнеше рет жіберілген хабарламаларға әсер етеді. Олардың жанында үлкейту әйнегінің белгішесі пайда болады, оны нұқу арқылы хабарлама мәтінін Google іздеу жүйесіне жібереді. 

Осылайша, пайдаланушы тақырып бойынша жаңалықтар немесе басқа ақпарат көздерін таба алады. 

Бүгінде фактілерді тексеру мүмкіндігі АҚШ, Ұлыбритания, Испания, Бразилия, Мексика, Италия, Ирландиядағы WhatsApp-тың соңғы нұсқаларында iOS және Android құрылғыларында қолжетімді.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...