Волейболдан Ұлттық лига ойындары қаңтар айында жалғасады

21 Желтоқсан 2020, 07:18
1729
Бөлісу:
Волейболдан Ұлттық лига ойындары қаңтар айында жалғасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан волейбол федерациясы Ұлттық лига кездесулері қашан жалғасатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Волейболдан әйелдер арасындағы Ұлттық лиганың үшінші айналымы 15-24 қаңтар аралығында Павлодарда өтеді.

Ал ерлер арасындағы Ұлттық лига ойындары 20-29 қаңтар күндері Өскеменде өтеді деп жоспарлануда.

Еске сала кетейік, жарыс елдегі карантин шаралары жеңілдетіліп, құзырлы органдар рұқсат берген жағдайда ғана ұйымдастырылады. 
Өзгелердің жаңалығы