Бас жаңалықтар
Вице-министр КВИ мен пневмония статистикасы неге бөлек айтылғанын түсіндірді
03 Тамыз 2020, 12:55 206

Вице-министр КВИ мен пневмония статистикасы неге бөлек айтылғанын түсіндірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР президенті жанындағы ОКҚ-да онлайн өткен брифингте ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты. 

Статистиканы біріктіру қиын емес деп ойлаймыз. Халық арасында сұрақтар көп болды. Сол үшін қазір бөлек беріп отырмыз. Ал статистиканы бөлек беруіміздің бір себебі – халықтың түсінуі. Себебі көбі анализ теріс болса, "менде жаман ауру жоқ" деп ойлайды. Көп бөлігі пневмониямен ауырып, дертті асқындырып алды. Ауруханаға ауыр халде түсіп жатыр, - деді ол. 
Ажар Ғиният айтқандай, анализдің оңына қарамай, аурулардың басқа да симптомдарына қатысты дәрігерлер диагноз қойып жатқанын білу керек.
Денсаулық сақтау министрлігі өткенде кеткен қателікті зерделеуден бөлек, министрлік қазіргі таңда халықтың басына түскен жағдай, ем жүргізу, өлім-жітімді төмендету жұмыстарымен айналысып жатыр. Эпидемиологиялық жағдай тұрақтанып келе жатса да, ел арасында өлім-жітім тіркеліп жатыр. Сондықтан халық арасында ағарту жұмыстарын, медицина қызметкерлеріне ауруды анықтап, дер кезінде ауруханаға жеткізу ұсынымдарын таратып жатырмыз. Қайтыс болған адамдардың құжаттарын тексерген кезде, көп науқастың,90 пайызында жүректің ешемиялық ауруы, қант диабеті мен семіздікке шалдыққан адамдар болып отыр, - деді ол. 
Ғиният айтқандай, хроникалық диспансерде бар науқастарға нұсқаулық берілген.
Осындай диагнозы бар адамдарды ауруханаға жатқызып, ауруды асқындырып алмау үшін жұмыс жүргізіліп жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, науқасы бар адам көпшілік орындарға барса, ауруды жұқтыру ықтималдығы жоғары болады. Сондықтан көп адам шоғырланған жерге бармауларыңызды сұраймыз. Ауруды жұқтырмау үшін жұмыс істеу керек, - деді ол.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...