Венецияда су тасқынынан кейін қайықтар қаңырап, бос қалды

14 Қаңтар 2020, 15:50
1741
Бөлісу:
Венецияда су тасқынынан кейін қайықтар қаңырап, бос қалды
PHOTO VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Венецияда қатты су тасқынынан кейін каналдардағы су рекордтық деңгейге дейін түсіп кетті, деп хабарлады Corriere del Veneto.

Арналардағы судың тартылуына байланысты ол теңіз деңгейінен 50 сантиметрге дейін төмендеген.

Осының салдарынан көптеген кішкентай каналдарда гондолалар (Венецияның дәстүрлі қайықтары) жүре алмай қалған.

rts2xzsh.jpg

Айта кетейік, 2019 жылдың 12 қараша күні қалада қатты су тасқыны болған еді. Су деңгейі нормадан 187 сантиметрге көтеріліп кеткен болатын. 

Қала мэрі Луиджи Бруньяроның айтуынша, бұл Венецияда соңғы 50 жылда болған ең күшті су тасқыны. Оның қалаға келтірген шығыны жүз млн еуродан асады.

Өзгелердің жаңалығы