Венесуэлада медицина қызметкерлері ереуілге шықты

21 Қараша 2019, 08:50
2187
Бөлісу:
Венесуэлада медицина қызметкерлері ереуілге шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Венесуэла астанасында медицина қызметкерлерінің шеруге шығуына байланысты ондаған аурухана мен емхана жұмысы тоқтады, деп хабарлайды 24.kz.


Плакат ұстап шыққан жұмысшылар медициналық орталық алдына жиналып, дәрі тапшылығына шағымданды. Бұған қоса, олар жалақыны көтеруді талап етті.

Айта кетейік, экономикалық күйзелісті бастан кешіріп жатқан Венесуэла елінде дәрі-дәрмек пен азық-түлік тауарларының жетіспеушілігі айқын сезіледі. Оған өндірістің қысқаруы мен қатаң валюталық бақылау себеп болып отыр.




Өзгелердің жаңалығы