Венесуэлада КВИ-ге шалдыққандардың үйіне белгі қойылуда

8 Сәуір 2021, 10:18
2053
Бөлісу:
Венесуэлада КВИ-ге шалдыққандардың үйіне белгі қойылуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Венесуэланың солтүстігіндегі Яракуй штатының мэрі Луис Дуке дертке шалдыққандардың үйіне белгі салу жөнінде нұсқаулық берген, деп жазды korrespondent.net.

Басылымының жазуынша, ол осылайша тұрғындарды вирус жұқтырудан қорғамақ. 

Мұндағы мақсатымыз өзге азаматтарды дертті жұқтырудан қорғау. Үй сыртындағы белгіні көрсе олар бұл үйге қонақ ретінде кірмейді, әрі онымен байланысқа түспеуге тырысады, Ал байланысқан болса өзінің де жұқтыру ықтималдығы бар екенін ескеріп, тексеруден өтеді, - дейді мэр.

Ал карантин талаптарын бұзғандарға жаза қолданылады, олар осы күнге дейін көмек ретінде алып келген азық-түліктен шеттетілетін болады. Сонымен қатар елдегі төменгі жалақы мөлшері тоғыз доллар көлеміндегі айыппұл салынатын болады. 

Мәліметтерге сәйкес, қазір елде корнавирустың жаңа толқыны жүріп жатыр. 28 млн астам халқы бар елдің бір тәуілікте 170 мың тұрғыны вирусқа шалдыққан.

Өзгелердің жаңалығы