Вакцина салдырған адам жиі түшкірсе, вирусты қайта жұқтырған болуы мүмкін

22 Маусым 2021, 15:57
5621
Бөлісу:
Вакцина салдырған адам жиі түшкірсе, вирусты қайта жұқтырған болуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирусқа қарсы вакцина салдырған адам жиі түшкіре берсе, дертті қайта жұқтырған болуы мүмкін. Бұл туралы Express басылымына сілтеме жасай отырып, Lenta.ru хабарлады. 

Коронавирусты зерттеуге арналған ZOE COVID Symptom Study таратқан деректерге сүйенсек, жиі түшкіру COVID-19-дың белгісі болып табылуы мүмкін. Әсіресе, бұрын вакцина салдырып, бірақ кеселді қайта жұқтырған пациенттерде жиі байқалатын көрінеді. 

Әдетте түшкіру коронавирустың басты симптомы емес, ол тіпті, ең кең таралған белгілердің қатарына енбейді. Вирустың басты симптомдарына дене қызуының жоғарылауы, қалтырау, жөтелу, дәм сезбеу, бас ауруы, ентігу, кеуде тұсындағы ауырсыну, асқазанның ауруы жатқызылады. Осы орайда аллергияның басты «хабаршысы» – түшкіру ауа райының жылы кезінде кең таралған.   

 Мамандар себепсіз жиі түшкіру  COVID-19-ды жұқтырудың белгісі болуы ықтимал дегенді алға тартуда. Екпе салдырғандарда мұндай белгі байқалған жағдайда дәрігерлер оларға оқшауланып, коронавирусқа сынама тапсыруға кеңес береді.

Өзгелердің жаңалығы