Бас жаңалықтар
Вакцина дозалары арасындағы уақыттың ұлғаюы иммундық жауаптың күшіне әсер етпейді – ДСМ
16 Мамыр 2021, 16:13 1070

Вакцина дозалары арасындағы уақыттың ұлғаюы иммундық жауаптың күшіне әсер етпейді – ДСМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі Парламент Мәжілісінің депутаты Аманжан Жамаловтың бұдан бұрын пленарлық отырыста айтылған депутаттық сауалына жауап берді.

Бұдан бұрын ОКҚ алаңында хабарланғандай, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Спутник V вакцинасын әзірлеушілерден РҒА академигі, Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығының директоры Александр Гинцбургтің қолы қойылған «Спутник V» вакцинасының 1-компоненті мен 2-компонентін енгізу арасындағы аралықты 21 күннен 90 күнге дейін ұлғайту мүмкін болып табылады, сондай-ақ «вакцина дозалары арасындағы аралықтың ұлғаюы иммундық жауаптың күшіне әсер етпейді, ал кейбір жағдайларда иммунитеттің жоғары белсенділігіне әкеледі» деген ресми хат алды.

Әзірлеушінің осы ұсынысын басшылыққа ала отырып, ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің Қаулысына «Спутник V» екінші компонентімен вакцинациялау мерзімін 21-ден 45 күнге дейін ұзарту бойынша өзгеріс енгізілді. Бұл ретте, қажет болған жағдайда, Қазақстан азаматтары вакцинаның бірінші компонентін алған жері бойынша өтініш бере алады және 21-ден 90 күнге дейін екінші компонентті ала алады, - деп хабарлады ДСМ.

Осылайша, вакцинаның екі компоненті арасындағы интервал бойынша ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің ұстанымы құқықтық негізге ие және Телеграмм-каналдан алынған үзінділерде емес, препаратты әзірлеушінің ресми түсіндірмесіне сәйкес қалыптасқан.

Естеріңізге сала кетейік, республиканың Бас санитарлық дәрігерінің қызметі Қазақстан халқының денсаулығы туралы кодекспен реттеледі.

Жалпы, аралықтың ұлғаюы иммундауды едәуір жеделдетуге мүмкіндік береді, ал вакцинаның бірінші компонентін енгізу антиденелер шығаруды қамтамасыз етуге және 3 аптадан кейін азаматтарда иммунитеттің пайда болуына мүмкіндік береді. «Спутник V» вакцинасының екінші компоненті жеткілікті мөлшерде екенін айта кеткен жөн,

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2,3 млн қазақстандық үшін вакцинацияға барынша қолжетімділікті қамтамасыз етті. Бұл вакцинамен халқымыз Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларында да, медициналық ұйымдарда да жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілген дегенді білдіреді, - делінген ақпаратта.

Коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналарды елге жеткізу кестеге сәйкес жүргізілуде және жеткілікті мөлшерде, тапшылық байқалмайды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі барлық азаматтарды санитарлық нормаларды ғана емес, ақпараттық гигиена ережелерін де қатаң сақтауға шақырады. Бұл, ең алдымен, әртүрлі байланыс арналары арқылы таратылатын жалған және арандатушылық ақпараттарға сенбей, коронавирустық инфекциямен күрес жөніндегі ресми көздерден алынған ақпаратты пайдалануды білдіреді.

Вакцинациялау тактикасы және ұжымдық иммунитетті қалыптастыру мәселесі Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің құзыретіне жатады.

Қазіргі уақытта вакцинаның кем дегенде бірінші компонентін мүмкіндігінше көп адам алуы өте маңызды. Әлемдік нарықта вакциналар жеткіліксіз, бірақ қазақстандықтар бірден үш түріне - ресейлік, отандық және қытайлық вакциналарға қол жеткізе алады. Бұл сәтті жіберіп алмау керек. Вакцинаның алғашқы дозасы коронавирустан үш-төрт ай бойы қорғаныс беретінін түсіну керек. Вакцинаның екінші дозасын енгізгеннен кейін иммундық жауап күшейе түседі және ұзаққа созылады. Эпидемиологиялық жағдайды, сондай-ақ көптеген қазақстандықтардың вакцинацияланбағанын ескере отырып, біз азаматтардың барынша көп санын қорғауымыз керек, - деп хабарлады ДСМ.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...