Ұшақ жолаушысы бортсерік әйелді қылқындырып, сес көрсеткен

16 Қазан 2020, 16:40
1645
Бөлісу:
Ұшақ жолаушысы бортсерік әйелді қылқындырып, сес көрсеткен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы-Ақтау әуе рейсінің жолаушысы бортта бүлік шығарды. Алайда ұшақ жолаушылары жанжал шығарған адамды дер кезінде ауыздықтап үлгерді.

Бұл туралы zakon.kz жазды.

Air Astana әуе компаниясының хабарлауынша, 24 қыркүйекте FlyArystan КС 7175 Алматы - Ақтау бағытындағы кезекті рейсі кезінде ұшақ жолаушысы басқа жолаушылар мен экипаж мүшелеріне сес көрсеткен. Ол аузына келгенін айтып, адамдарды итеріп, мазасын алған. Ал экипаждың маска киіп, орнына отыруы туралы өтінішін елемеген.

Жолаушының Алматы - Ақтау бағытында билеті болғанымен, Шымкентке баруы керек екенін айтып, ұшақ есігін ашуға тырысты. Бортсеріктер нұсқаулыққа сәйкес жолаушының тәртіпке сай емес әрекетінің алдын алып, тоқтату үшін қимылын шектейтін құралдарды пайдаланды. Алайда жолаушы босап шығып, бортсерік әйелді тұншықтыра бастады. Жақын жерде отырған спортшылар оған көмекке келді. Экипаж мүшелерімен бірігіп, олар төбелес шығарған адамды ұстап алып, ұшу барысында оған бас-көз болды. Ақтауға ұшып келген бетте ол полицияға тапсырылды, - деп мәлімдеді әуе компанияның баспасөз қызметі.
Кейіннен ер адамның мас екені белгілі болды. Жанжал шығарған адамға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-бабы, 1-бөлігі, 434-бабы, 1-бөлігі, 566-бабы, 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылды.

Ұшақ жолаушысы бортсерік әйелді қылқындырып, сес көрсеткен

Әуе компания басшылығы көмекке келген споршыларға алғыс айтып, Нұрлан Боханов пен Манас Тұрабековке ұшақ модельдері мен FlyArystan-нан билет сатып алуға ваучерлер берілді. 

Air Astana жолаушылардың бейәдеп қылықтарына қатысты статистиканы ұсынды. Оның ішінде кең тарағаны - ішімдік ішіп, мас болу салдарынан жолаушылардың мазасын алу, темекі шегу, күш қолдану, боқтау.

Айта кетейік, жыл сайын борт ішінде 400-ге жуық осындай келеңсіз жағдай тіркеледі.

Өзгелердің жаңалығы