Бас жаңалықтар
Үш айдың ішінде Nur Otan партиясына 500-ден астам өтініш-арыз келіп түскен
25 Сәуiр 2019, 14:45 439

Үш айдың ішінде Nur Otan партиясына 500-ден астам өтініш-арыз келіп түскен

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Үш айдың ішінде Nur Otan партиясына 500-ден астам өтініш-арыз түсті. Дегенмен, Nur Otan партиясының беделді депутаттарының, саяси бюроның және мекеме басшыларының арқасында осы өтініштердің 70%-ы оң шешімін тапты. Бұл туралы Nur Otan партиясы Жетісу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Омаров Қоғамдық қабылдау барысында айтты.

Жиын барысында ол, жақында Нұр-Сұлтан қаласында Nur Otan партиясының кезектен тыс съезі өткенін, ол жерде ҚР президенттігіне партияның кандидаты ұсынылғанын айтып өтті.

«Негізгі мақсатымыз – Елбасының дара жолын жалғастыру. Сонымен қатар, 2050 жылға дейін бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына кіру. Бұл біздің бірлігіміз, тұрақтылығымыз», - деді ол. 

Сонымен қатар ол, бүгінгі іс-шараның бір бөлігі кәсіпкерлікті қолдауға арналғанын да жеткізді.

«Өткен ХVIII съезде Елбасының қатысуымен ұлт жоспары қабылданды. Партияның жаңадан тағы төрт бағдарламасы іске асырылуда. Бұл «Бақытты отбасы», «Халыққа көмек», «Ауыл ел бесігі» және «Құтты мекен» бағдарламалары. Бүгінгі жиынымыз «Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында өтіп отыр. Яғни, халыққа қалай көмек береміз деген мәселе төңірегінде жиналып отырмыз», - деді ол.
 
Оның айтуынша, 2007 жылдан бері әр бастауыш партия ұйымдарында қоғамдық қабылдау жүргізіліп келеді, тіптен әр мекемеде де бар көрінеді. 

«Әр мекеме өзінің жұмысшыларының шаруасын, келген өтініш, арыздарын қабылдап жатыр. Бірақ сол қоғамдық қабылдаудың сапасына көңіл бөлу керек. Өйткені үш айдың ішінде Nur Otan партиясына 500-ден астам өтініш-арыз түсті. Дегенмен, Нұр Отан партиясының беделді депутаттарының, саяси бюроның және мекеме басшыларының арқасында осы өтініштердің 70%-ы оң шешімін тапты. Бұл да үлкен көрсеткіш. Халықтың аяғын тоздырып, неше жылдан бері шеше алмаған мәселесін осы партия арқылы шешіп жатыр. Осы мәселенің сапасын әлі де көтеруіміз керек. Сонымен қатар, осындай өтініштердің болмауына жұмыс істеуіміз керек. Егер әрбір мекеме өз орнында дұрыс қабылдау жүргізіп, мәселені оң шешсе халық бұлайша арызданбайтын еді», - деді Марат Омаров.



Фото: автордан

Сізден жаңалық