«Үркер – 2020» Ұлттық сыйлығына өтінімдерді қабылдау мерзімі ұзартылды

2 Қараша 2020, 15:50
1403
Бөлісу:
«Үркер – 2020» Ұлттық сыйлығына өтінімдерді қабылдау мерзімі ұзартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қатысушылардың көптеген өтініштері бойынша «Үркер – 2020» Ұлттық сыйлығына өтінімдерді қабылдау мерзімі 2020 жылғы 5 қараша сағат 18:00-ге дейін ұзартылды. 

Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Telegram каналында хабарлады.  

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық сыйлық баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктерді бағалау үшін және журналистиканың беделін арттыруға, кәсіби стандарттарды бекітуге бағытталған. 

Конкурстық жұмыстарға қойылатын талаптар: - жұмыстар 2019 жылғы 01 қаңтар мен 2020 жылғы 01 қараша аралығында жариялануы тиіс; - жұмыстар баспа басылымында, интернет-ресурста жариялануы немесе радиоэфирде шығуы тиіс. 

«Үркер — 2020» Ұлттық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі онлайн-форматта 2020 жылғы 13 қарашада өтеді. Конкурс қорытындысы бойынша әр номинацияның үздік өкіліне жеңімпаз атағы беріліп, «Үркер» естелік мүсіншесі және бір миллион теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйлық табыс етіледі.

Өзгелердің жаңалығы