Ұлттық құрама  Еркебұлан Қанафинге қатысты мәлімдеме жасады
6 Мамыр, 08:49 519

Ұлттық құрама Еркебұлан Қанафинге қатысты мәлімдеме жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Ұлттық құрамасы Сурдлимпиададағы ойынына қатысты ресми мәлімдеме жасады. 

Бразилияда өтіп жатқан жазғы Сурдлимпиадаға Ұлттық құрама командасынан сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша 59 спортшы  қатысып жатқаны белгілі.

Алайда Ұлттық Сурдлимпиада комитеті заңнмаға қарамастан, өз тараптарынан жариялап бірқатар спортшыны, оның ішінде Қанафин Еркебұланды жарысқа апарған.

Қанафин Еркебұлан бұрын-соңды есту қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы ресми жарыстарға қатыспаған.  Ұлттық құрама командасының мүшесі емес және дене мүмкіндіктері шектеулі жандарға арналған спорт ұйымдарында тіркелмеген. Мәдениет және спорт министрлігінде аудиограмма нәтижелері және жалпы спортшының денсаулық жағдайы туралы ақпарат жоқ, - делінген хабарламада.

Бұған қарамастан Ұлттық Сурдлимпиадалық комитет Е.Канафинді өз есебінен жарысқа жіберіп, Қазақстанның беделіне әлемдік спорт қоғамдастығының алдында нұқсан келтірді және спорттық этикалық қағидаларды бұзды.

Бұл ретте Мәдениет және спорт министрлігі Ұлттық құрама команданың тізімін қалыптастыру кезінде 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сурдо дзюдодан Қазақстан Республикасы Чемпионатының қорытындысы бойынша ел чемпионы Айдос Түгелбаевты енгізген болатын, - делінген министрлік таратқан хабарламада.

Министрлік Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің үстінен арнайы сот органдарына шағым түсіретінін ресми түрде мәлімдейді.

Естеріңізге сала кетейік,  Еркебұлан Қанафин Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында өтіп жатқан 24-ші жазғы сурдлимпиадалық ойындарда алғашқы алтынды жеңіп алғанын хабарлаған болатынбыз.


Фото: дереккөз
Загрузка...