Ұлттық жобалар тәуелсіз сарапшыларға зәру – Арман Евниев
19 Қазан 2021, 15:56 824

Ұлттық жобалар тәуелсіз сарапшыларға зәру – Арман Евниев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Ұлттық жобалардың жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу офисінің жетекшісі Арман Евниев хабарлады. 

Оның айтуынша, Ұлттық жоба салалық сараптама жасайтын мамандардың көмегіне мұқтаж.

Ұлттық жобалар жүзеге асырыла бастаған қазіргі уақытта алға қойылған мақсаттарға жету үшін салалық сарапшылар тарапынан қолдауға аса зәруміз. Сонымен қатар бізге ұлттық жобаларда көрініс тапқан қоғамдық маңызға ие нәтижені көру маңызды. Ол үшін жобалардың толыққандылығын, белгіленген KPI-дің дұрыстығы мен өзектілігіне GAP-талдау жасау, кездесулер мен пікірталас алаңдарын жүргізуде модератор бола алатын, сыни ойлау қабілетіне ие тәуелсіз сарапшылар қажет, - деді офис жетекшісі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлттық жобаларға онлайн-мониторинг жүргізілетіндігі туралы жазған болатынбыз.


Фото: дереккөз
Загрузка...