Бас жаңалықтар
Ұлттық банк төрағасы сәуірдегі инфляция жайлы айтты
12 Мамыр 2021, 09:38 283

Ұлттық банк төрағасы сәуірдегі инфляция жайлы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Үкімет отырысында айтты.

Оның айтуынша, сәуірде азық-түлік инфляциясының баяулауы және азық-түлік емес тауарлардың сервистік компоненттердің жеделдеуіне байланысты инфляция өткен айдағы жеті пайыз деңгейінде сақталды.

Азық-түлік инфляциясы нан-тоқаш өнімдері, ет, қант және жеміс, көкөніс бағалары өсімінің баяулауына байланысты 10,7 пайыздан 9,8 пайызға баяулады. Іскерлік белсенділіктің жандануы мен импорттың өсуі аясында азық-түлікке жатпайтын инфляция 5,6 пайыздан 6,4 пайызға жеделдеді. Азық-түлік емес тауарларға жатпайтын заттардың ай сайынғы өсімі 2017 жылдың қазан айынан бастап ең жоғарғы мәнді көрсетті. Киім-кешек пен аяқ киім бағасының өсу қарқыны жылдық мәнде 5,5 пайызға жетті. Сонымен қатар, мұнай өнімдерін тасымалдау тарифтері артуы нәтижесінде ішкі өсімнің төмендеуі аясында биылғы жылдың басынан бастап бензин бағасының 11,1 пайызға өсуі байқалады, - деді ол.

Сонымен қатар, Ерболат Досаев 27 сәуірде Ұлттық банк азық-түлік тауарларының сыртқы бағаларының өсуіне сауда әріптес елдердегі инфляцияға байланысты проинфляциялық факторлардың қолдануын сақтау аясында жылдық тоғыз пайыздық мөлшерлемені сақтау туралы шешім қабылданғанын атап өтті.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...