Бас жаңалықтар
Ұлттық Банк 30 грант бөлді
03 Қыркүйек 2021, 21:07 449

Ұлттық Банк 30 грант бөлді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Ұлттық Банкі өзінің еншілес ұйымдары мен Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне білікті кадрлар даярлау үшін «Назарбаев Университеті» ДБҰ мен «Нархоз университеті» КЕАҚ білім алуға 30 грант бөлді.

Қабылдау емтихандарының нәтижесі мен қабылдау комиссиясының шешімі негізінде 2021-2023 оқу жылына Назарбаев университетінің Master of Science in Finance бағдарламасына 7 магистрант қабылданды. «Назарбаев Университетімен» арадағы серіктестік аясында білімін жетілдірген 53 магистранттың 40 түлегі қазір Ұлттық Банктің ең маңызды департаменттерінде жұмыс істейді.

Осы жылы іріктеу түрінде өткен байқаудың қорытындысы бойынша, 23 магистрант Нархоз университетінің «Қаржы талдаушысы», «Қаржылық тәуекел-менеджмент», «Макроталдау және болжау» және «Актуарий» бағдарламаларына қабылданды.

Нархоз университетімен арадағы ынтымақтастықтың арқасында 2003 жыл мен 2018 жылдар аралығында 700-ден астам магистрант даярланды. 2020 жылы арадағы ынтымақтастық қайта жанданды. Келер жылы 20 магистрантты Ұлттық Банкке және 10 магистрантты Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жұмысқа орналастыруды жоспарлап отырмыз, – деп хабарлайды ҚҰБ Адам капиталын дамыту департаментінің директоры Шолпан Тоқбергенова.

Бағдарламалардың мазмұны мен оқуға қабылдауға қойылатын талаптар «Назарбаев Университеті» ДБҰ Жоғары бизнес мектебінің сайтында және «Нархоз Университеті» КЕАҚ Қолданбалы қаржы магистратурасының сайтында орналастырылған.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...