Бас жаңалықтар
Филиппиндік дәрігерлер Үкіметтің өздерін шикізат ретінде Еуропаға жіберуіне қарсы
24 Ақпан 2021, 12:42 200

Филиппиндік дәрігерлер Үкіметтің өздерін шикізат ретінде Еуропаға жіберуіне қарсы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Филиппиндік медицина қызметкерлері биліктің коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинамен алмастыру үшін бірнеше мың дәрігерді Ұлыбритания мен Германияға жіберуге қатысты ұсынысына қарсы.

Филиппинде барлығы 70 миллион ересек адамға вакцина қажет, ол үшін билік 148 миллион дозаны қамтамасыз еткісі келеді.

Филиппин билігі Ұлыбритания мен Германияға коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның жаңа түрімен алмастыру үшін өздерінің бірнеше мың медицина қызметкерін, оның ішінде медбикелерді ұсынбақ. Бұл туралы 23 ақпанда Reuters агенттігі Филиппиннің Еңбек министрлігінің жоғары лауазымды өкілінің мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады.

Филиппинде жылына 5000 адамнан аспайтын медицина қызметкерінің шетелге жұмыс істеуіне шектеу қойылған. Еңбек министрлігі вакциналарды тегін жеткізудің орнына бұл шектеуді алып тастауға дайын екендіктерін атап өтті.

Сондай-ақ осы аптада Қытай тегін берген вакцинаның алғашқы партиясы елге жетеді.

Айта кету керек, Филиппин үкіметінің ұсынысы елдің медицина қызметкерлерінен қолдау таппады.

Filipino Nurses United ұйымының басшысы Джокелин Андамо Reuters агенттігіне: Үкіметтің медбикелер мен денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлеріне шикізат немесе экспорттық тауар ретінде жүгінуі өте дұрыс емес қадам, - деді.
Германия мен Ұлыбритания билігі бұл бастамаға әлі жауап берген жоқ.

Бұған дейін Ұлыбритания үкіметі коронавирустық пандемиямен күрес аясында енгізілген карантиндік шектеулерді алып тастау мерзімін 8 наурыздан 21 маусымға дейін белгілегені туралы хабарланған болатын. Тиісті мәлімдемені елдің премьер-министрі Борис Джонсон жасады.


Фото: дереккөз
Загрузка...