Үкімет Парламентпен бірге нәтижелі жұмыс атқарады – Мамин

15 Қаңтар 2021, 16:28
1277
Бөлісу:
Үкімет Парламентпен бірге нәтижелі жұмыс атқарады – Мамин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Парламенті VII шақырылымының  алғашқы отырысында жаңадан сайланған премьер-министр сөз сөйледі.

Маған артылған сенім үшін алғыс білдіремін. Бұл - мен үшін зор мәртебе және үлкен жауапкершілік. Алдымызда Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша маңызды үлкен мақсат-міндеттер қойылған. Бүгін Мемлекет басшысы еліміздің дамуы бойынша басым бағыттарды жариялады. Оның ішінде халықтың әл-ауқатын арттыру және табысын арттыру, инвестиция тарту, жаңа технологияларды енгізу мен жұмыс орындарын ашу сынды бағыттар бойынша бірқатар тиімді шара қабылданады. Бұл міндеттерді экономиканы қарқынды дамыту арқылы жүзеге асыруға болады, - деді Мамин. 

Премьер-министр осы стратегиялық міндеттерді жүзеге асыруда Үкімет Парламентпен бірге нәтижелі жұмыс атқаратынын айтты.

Өзгелердің жаңалығы