Үкімет басшысы вакцинациялау қарқынына көңілі толмайтынын айтты

4 Қараша 2021, 09:54
1538
Бөлісу:
Үкімет басшысы вакцинациялау қарқынына көңілі толмайтынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысы барысында Премьер-министр Асқар Мамин хабарлады. Оның айтуынша, қазіргі уақытта 8,3 миллионнан астам адам бірінші компонентті, 7,5 миллионнан астам адам екінші компонентті алған.

Вакциналау қарқыны айтарлықтай жақсарған жоқ. Елорда, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Ақмола, Батыс Қазақстан облыстары вакциналау қарқының күшейтсін. Әкімдіктер мен Денсаулық сақтау министрлігі емдеу мекемелері мен қоймалардағы дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарға тексеру жүргізіп, олардың қажетті көлемінің болуын қамтамасыз етсін, - деді Премьер-министр.

Сондай-ақ ол жағдайды жалпы бақылауға алуды вице-премьер Ералы Тоғжановқа тапсырды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Үкімет басшысы көрші елдердегі эпиджағдайды ескеру керектігі туралы айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы