Мамин: Көрші елдердегі эпиджағдайды ескеру керек

4 Қараша 2021, 09:49
1104
Бөлісу:
Мамин: Көрші елдердегі эпиджағдайды ескеру керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысы барысында Премьер-министр Асқар Мамин хабарлады. Оның айтуынша, жалпы эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді.

Барлық өңірлерде вирус жұқтыру деңгейі, ауыр жағдайдағы науқастардың, стационарда және амбулаторияда ем алып жүргендердің саны азайды. Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары «қызыл аймақтан» шықты, қазір онда тағы 4 өңір қалды, сары аймақта 4 өңір, жасыл аймақта – 9. Дегенмен, көрші елдердегі жағдайды да ескеру керек. Барлық өңірлерде шектеу шараларының сақталуын қамтамасыз ету қажет, мониторинг топтары күшейтілген режимде жұмыс істеуге тиіс, - деп атап өтті Үкімет басшысы.

Еске сала кетейік, бұған елімізде 8 млн 300 мың адам коронавирусқа қарсы вакцинаның І компонентін салдырғаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы