Уханьда мысықтан коронавирус анықталды

4 Сәуір 2020, 10:55
3473
Бөлісу:
Уханьда мысықтан коронавирус анықталды

Алматы, BAQ.KZ.  Ухань қаласының ветеринарлары жүз мысықтың қан сараптамасын алып тексергенде олардың 15% коронавирусқа шалдыққанын анықтаған.

Ғалымдардың айтуынша, мысықтан инфекция адамға берілу жағы әзірге белгісіз, қайткенімен де олардан аулақ жүрген жөн.
Біз Ухань қаласындағы оннан аса мысықтың ағзасынан коронавирус инфекциясын таптық. Мұндай жағдай вирус тараған әлемнің өзге елдерінде болуы мүмкін деген сөз. Жақында біздің әріптестеріміз вирус бір жануардан екіншісіне ауа тамшысы арқылы тарай беретінін дәлелдеген еді, - дейді ғалымдар.

Елдегі болып жатқан жағдайға байланысты қытай ғалымдары Уханьдағы мысық пен иттер арасында коронавирус қаншалықты тарағанын зерттеуді жөн көріпті. Олар үй жануарлары иелерінен жұқтырған деген тоқтамға келген.
Өзгелердің жаңалығы