ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақыға өтінім қабылдау басталады

30 Маусым 2020, 21:39
2596
Бөлісу:
ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақыға өтінім қабылдау басталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы – республикалық, салалық және өңірлік деңгейлердегі әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін ҮЕҰ-ға жыл сайын берілетін ақшалай сыйақы.

ҮЕҰ арналған сыйлықақы 2017 жылдан бастап беріліп келеді. 3 жыл ішінде 185 ҮЕҰ сыйлықақыға ие болды.

Сыйлықақы 15 әлеуметтік маңызды бағыт бойынша беріледі:

1) білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу;

2) азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау;

3) қоршаған ортаны қорғау;

4) жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау;

5) отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу;

6) халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау;

7) жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардағы балаларға көмек көрсету;

8) халықты еңбекпен қамтуға жәрдемдесу;

9) азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау;

10) мәдениет пен өнерді дамыту;

11) тарихи-мәдени мұраны қорғау;

12) қоғамдық келісімді және ұлттық бірлікті нығайту;

13) өздерінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде пробация қызметтеріне жәрдемдесу;

14) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу;

15) азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде ҮЕҰ  қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу.

Бір бағыт бойынша сыйақы мөлшері 2 000 АЕК құрайды. Сонымен қатар, бір номинация бойынша сыйлықақы бір немесе бір мезгілде бірнеше үміткерге берілуі мүмкін. Бұл жағдайда сыйлықақы олардың арасында тең бөлінеді.

Байқауға Қазақстан Республикасында тіркелген және ҮЕҰ дерекқорына мәліметтер ұсынған ҮЕҰ қатыса алады.

Бір үкіметтік емес ұйым бір номинациядан артық сыйлықақыны алуға  ұсыныла алмайды. Сыйлықақы алғаннан кейін үш жыл ішінде оны алу үшін қайта ұсынуға жол берілмейді.

Сыйлықақыны алу үшін өтінімді ұсынуға арналған тізбе мыналарды қамтиды:

1)    Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ҮЕҰ-ға  арналған сыйлықақы беру конкурсына қатысуға өтініш;

2)    Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес сыйлықақыға үміткердің сауалнамасы;

3)    Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес сыйлықақыға үміткердің қызметі туралы сипаттама (растайтын материалдармен бірге);      

4)   Соңғы 3 жыл ішінде ұсынылған бағыт бойынша іске асырылған жобаларды және бірлескен жұмыс барысында қол жеткізілген нәтижелерді растау мақсатында байланыс деректері көрсетілген қоғамдастық (ҮЕҰ) және (немесе) мемлекеттік органдар өкілдерінің ұсынымдары (екіден кем емес);

5)    ҮЕҰ  мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құрылтай құжаттарының және куәлiгiнің (анықтаманың) көшірмелері;

6)    банк шотының болуы туралы анықтама (түпнұсқа).

Сыйлықақыны алу үшін ҮЕҰ ұсыну жөніндегі өтінімдерҚазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам комитетіне қағаз және электронды жеткізгіштерде (СD-дискілерде не USB-флеш-жинақтағыштарында DOC, DOCX, Pdf форматында) 2020 жылғы 1 шілдеден бастап 1 қыркүйек аралығында келесі мекенжай бойынша қабылданады: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, "Министрліктер үйі" ғимаратының 15-кіреберісі, Анықтама телефондары: +7 (702) 376 84 00, +7 (708) 777 71 08, +7 (7172) 74-09-97

Өзгелердің жаңалығы