Бас жаңалықтар
Жамбыл облысы учаскелік полиция инспекторларының байланыс нөмірлері жарияланды
PHOTO
20 Қаңтар 2020, 10:42 232

Жамбыл облысы учаскелік полиция инспекторларының байланыс нөмірлері жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы учаскелік полиция инспекторларының байланыс нөмірлерін жариялады.

Бұл туралы Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев өз Facebook-тегі парақшасында өңірдегі барлық учаскелік полиция инспекторларының жеке мәліметтерін, байланыс нөмірлерін және олардың бекітілген әкімшілік аумақтары туралы ақпараттарды жариялады.

Сондай-ақ, Департамент бастығы тұрғындарды кез келген заңбұзушылыққа немқұрайлы қарамай, қауіпсіздікті қамтамасыз етуде полиция қызметімен бірлесе атсалысып, азаматтық көзқарастарын білдіруге шақырды.

Қоғамдық тәртіпті сақтау мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде учаскелік полиция инспекторларының маңызызор. Осығанорай, Ішкі істер министрі Ерлан Заманбекұлы Тұрғынбаевпен 2020 жылучаскелік полиция инспекторларының жылы болып жарияланды, - делінген Арман Оразалиевтің хабарламасында.

Бүгін Тараз қаласындағы барлық учаскелік полиция инспекторының жеке мәліметтерін, байланыс нөмірлерін және олардың бекітілген әкімшілік аумақтары туралы ақпараттарды жарияланатын болады.

Әр азамат тәуліктің кез келген уақытында учаскелік инспекторларға мәселелер бойынша хабарласып, жедел әрі тиімді көмектің көрсетілетініне сенімді бола алады.

Оның айтуынша, кейбір бес мыңнан астам адам тұратын учаскелік аумақтарда инспектордың әрбір тұрғынмен жеке танысуға мүмкіндігі бола бермейді.

Сондықтан, Сіздерге аумағыңызға бекітілген учаскелік инспекторға өздеріңіз хабарласып, өзара байланыс орнатуларыңызды сұраймын. Бұл өз кезегінде, полиция қызметкеріне қауіпсіздік пен тәртіпке қатысты күтпеген жағдайлардың алдыналуға және мәселелердің оң шешімін табуға мүмкіндік береді. Сіздің хабарламаңыз назарға алынбаған жағдайда, Facebook-тегі парақшам арқылы маған жеке жүгінуіңізге құқығыңыз бар. Кінәлі учаскелік полиция инспекторына қатысты қатаң шаралар қолданылатын болады, - делінген хабарламада.
WhatsApp Image 2020-01-17 at 14.52.36.jpeg
WhatsApp Image 2020-01-17 at 14.52.37 (13).jpeg
WhatsApp Image 2020-01-17 at 14.52.37 (1).jpeg
WhatsApp Image 2020-01-17 at 14.52.37 (2).jpeg
WhatsApp Image 2020-01-17 at 14.52.37 (3).jpeg
WhatsApp Image 2020-01-17 at 14.52.37 (4).jpeg
WhatsApp Image 2020-01-17 at 14.52.37 (5).jpeg

Фото: дереккөз
Загрузка...