Бас жаңалықтар
Биыл ҰБТ тапсыруға 131 755 өтініш түскен
15 Маусым 2020, 17:03 164

Биыл ҰБТ тапсыруға 131 755 өтініш түскен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар алаңында өткен онлайн брифинг кезінде мәлімдеді.

Биыл маусым айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға рекордтық өтініш қабылданды. Жалпы, өтініштер саны 131 755 (тест тапсырушылардың 82%), бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 15%-ға өсті (2019 жылы 71%). Өтініштердің 110 678-і онлайн берілсе, 21 077-сі дәстүрлі жолмен берілген. ҰБТ 161 пунктте өтетін болады, - деді ол.

Дидар Смағұлов 2020 жылы ҰБТ тапсыру кезіндегі екі негізгі мәселеге тоқталды. Ол – қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен бақылаудың күшейтілуі. Карантиндік шектеулердің сақталуына байланысты елдің барлық аймағындағы ҰБТ өткізу орындарында медициналық-санитариялық шаралар енгізіледі. Негізгі 5 дезинфекциялық кезең туралы Дидар Смағұлов "Желмая" жобасында айтқан болатын.

Барлық медициналық-санитариялық кезеңнен өткеннен кейін тест тапсырушыға респираторлық немесе бір рет қолданылатын маскалар үлестіріледі (2 дана). Тестілеу барысында бір рет қолданылатын маскаларды ауыстыруға мүмкіндік қарастырылған. Тексеруші мен тестіленуші арасындағы арақашықтық сақталады. Әр қабаттағы дәліздерде санитайзерлер орнатылады. Заттардың бетіне қол тигізбеу үшін дәліздер мен аудиториялардың есіктері ашық болады. Аудиторияда тест тапсырушыларды отырғызу кемінде 2 метр арақашықтықты сақтау арқылы жүзеге асырылады, - деді Смағұлов. 

Орталық директоры әр аудиториядағы жағдайды онлайн бақылау мүмкін болатынын айтты. Арнайы сілтемелер орталық сайтында және әлеуметтік желілерде жарияланады.


Фото: дереккөз
Загрузка...