ҰБТ-2022 қалай өтеді?

4 Мамыр 2022, 15:07
3851
Бөлісу:
ҰБТ-2022 қалай өтеді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директоры Әділет Тойбаев ҰБТ-2022-нің жаңашылдықтары туралы айтып берді.

Биыл ҰБТ-ға тіркелу 28 сәуірден басталып, 14 мамырға дейін жалғасады. Өтініштерді қабылдау Ұлттық тестілеу орталығының сайты (http://app.testcenter.kz) арқылы жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күнге дейін 130 мыңнан аса талапкер өз өтінішін беріп үлгерді, - деді Тойбаев.

Ол осы жылғы түлектер үшін енгізілген маңызды жаңалыққа тоқтала кетті.

Биылғы жаңалықтың бірі – талапкерлерге екі рет негізгі ҰБТ-ны тапсыруға мүмкіндік берілуі. Яғни тестіленушінің негізгі ҰБТ-ны тапсыруға екі мүмкіндігі болады. Кейін сынақтан алған үздік нәтижесімен гранттық конкурсқа қатыса алады, - деп түсіндірді департамент директоры ОКҚ-да.

Айтуынша, ҰБТ-2022 16 мамыр мен 5 шілде аралағында өтеді. 

Негізгі ҰБТ-ға орта білім беру ұйымдарының осы жылғы түлектері, орта білім беру ұйымдарының және колледждердің алдыңғы жылғы түлектері және басқа да үміткерлер қатыса алады. Сонымен қатар форматы мен пәндер санында ешқандай өзгерістер жоқ, - деп айтты Әділет Тойбаев.

Оның мәліметінше, пәндер саны мынадай: үш міндетті және екі таңдауы бойынша. Тест тапсырмаларының саны – 120. Оның ішінде Қазақстан тарихынан - 15, математикалық сауаттылықтан - 15, оқу сауаттылығынан - 20 және екі бейіндік пәннен - 35. Ең жоғарғы ұпай саны – 140. Тестілеудің жалпы уақыты – 4 сағат (240 минут).

Өзгелердің жаңалығы