Бас жаңалықтар
Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл ауысты
24 Ақпан 2020, 12:18 604

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл ауысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президенттің Өкімімен Рустам Жүрсінов Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының Өкімімен Рустам Манарбекұлы Жүрсінов Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалды.

Мемлекет басшысының Өкімімен Болат Әбілқасымұлы Палымбетов Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл қызметінен босатылды, - делінген хабарламада.



Фото: дереккөз
Загрузка...