Бас жаңалықтар
Тыйым салынған материалдарды таратқандар жауапқа тартылды
18 Қыркүйек 2020, 20:16 150

Тыйым салынған материалдарды таратқандар жауапқа тартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында тыйым салынған материалдарды таратқаны үшін екі тұрғынға айыппұл салынды, деп хабарлайды Polisia.kz.


Түркістан облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері интернет-кеңістікке тұрақты түрде мониторинг жүргізіп отырады. Осындай тексеру жұмыстары кезінде әлеуметтік желілердің екі пайдаланушысы яғни Төлеби ауданы тұрғындары анықталды.

Олардың жеке парақшаларында тыйым салынған контент бар болып шықты. Аталған адамдар Қазақстан аумағында дәрістеріне тыйым салынған деструктивті ағым көшбасшыларының аудиожазбаларын таратумен айналысқан деструктивті-діни ағымның жақтаушылары ретінде есепте тұрғаны анықталды. Нәтижесінде, сот шешімімен Төлеби ауданының екі тұрғыны ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабының 1-бөлігі (Діни мазмұндағы материалдарды заңсыз тарату) бойынша кінәлі деп танылып, 50 АЕК көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылды.

Жыл басынан бері Түркістан облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының полицейлері әкімшілік заңнаманы бұзған 350-ден астам деструктивті-діни ағым жақтаушыларын анықтады, оның ішінде 14-і діни сипаттағы бұзушылықтар үшін.

Өз кезегінде Түркістан облысының полиция департаменті азаматтарға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми интернет ресурстарынан алынған әдебиеттер мен материалдарды басшылыққа алу керектігін ескертеді.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...