Бас жаңалықтар
Тығылып беташар, той жасап жатыр – дәрігер тараздықтар туралы
18 Қаңтар 2021, 17:35 237

Тығылып беташар, той жасап жатыр – дәрігер тараздықтар туралы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Тараз қаласындағы коронавирус инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы» тақырыбында өткен онлайн брифинг кезінде Тараз қаласының бас санитарлық дәрігері Рита Алтынбасова айтты.

Қазір қыс мезгілі уақыты ғой. Көбісі соғым беріп жатыр. Тығылып беташар, той жасап жатыр. Ол жерге кімдер барады? Көбінесе үлкен жастағы кісілер барады. Бірақ олар тойға барғандарын жасырып, айтпайды. Мейрамхана, тойханалар әлі күнге дейін ұжымдық мерекелер, той өткізулерін тоқтатпай отыр. Оның дәлелі мобильдік топтардың күнділікті жұмысынан байқалады. Бұл топтар хаттама толтырып, материалдарды бізге жолдап отырады. Осыдан біз қай жерде той болып жатқанын, қай жерде беташар болып жатқанын біліп отырмыз. Мұндай фактілер өте көп, - дейді ол.

Оның айтуынша, бүгінгі күнге дейін 228 хаттама толтырылып, 49 млн теңге көлемінде айыппұл салынған.

Мұның бәрі карантиндік шектеу режимін сақтамаған жеке кәсіпкерлеріміз. Оның 80 пайызы дәмханалар, тойханалар, күнделікті тамақтанатын кафелер. Сондықтан Тараз қаласының тұрғындарына айтатынымыз – ең алдымен өз басын, жақындарын сақтаса екен, - деп айтты қаланың бас санитарлық дәрігері.

Ол қала тұрғындарын маска режимін, гигиена талаптарын сақтауға шақырды.

Үйге келгенде ең алдымен қолды сабынмен жуу керек. Адам көп шоғырланатын жерлерде арақашықтықты сақтау қажет. Бұл ең қарапайым, материалдық қажеттіліктерді талап етпейтін ережелер. Ауруды жеңу үшін әр адам жеке басын қорғауы керек, - деп түсіндірді Рита Алтынбасова.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...