Әзірбайжандағы турнирде боксшыларымыз 5 медаль алды

3 Мамыр 2019, 12:37
2346
Бөлісу:
Әзірбайжандағы турнирде боксшыларымыз 5 медаль алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әзірбайжанда бокстан жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнир аяқталды. «Президент Гейдар Әлиев кубогі» жолындағы бәсекеге Қазақстан атынан он боксшы қатысқан, деп хабарлады Olympic.kz.

63 келіде жұдырықтасқан Тоқтасын Бабаханов турнир жеңімпазы атанса, Ислам Мақашев (54 келі), Елнұр Сүйінбай (57 келі) және Нұрдос Қуаныштың (75 келі) еншісінде күміс медаль бар. 

80 келідегі Жанболат Ғалымов тұғырдың үшінші сатысынан көрінді. 

Өзгелердің жаңалығы