Түркияға барған туристер ПТР-тестін көрсетуге міндетті

2 Наурыз 2021, 16:10
1567
Бөлісу:
Түркияға барған туристер ПТР-тестін көрсетуге міндетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Наурыздан бастап Түркияға сапарлап баратын 6 жастан асқан жолаушылардан коронавирусты жұқтырмағандығы жөнінде ПТР-тесті талап етіледі, деп жазды Хабар24.

Анықтама нәтиже берілген күннен бастап Түркия шекарасын кесіп өткен сәтке дейін үш тәулік (72 сағат) ішінде жарамды. Ережеден тек транзиттік және 6 жасқа толмаған жолаушылар босатылған. 

Естеріңізге сала кетейік, Түркияда жолаушылардан ПТР-тестін көрсету міндеттемесі былтыр 30 желтоқсаннан бастап 1 наурызға дейін жалғасуы тиіс болған. Азаматтық авиацияның бас дирекциясы бұл жағдайды мамыр айының соңына дейін тағы шегерді.

Өзгелердің жаңалығы