Түркияда вакцинациялау паспорты беріле бастады

16 Мамыр 2021, 12:51
1013
Бөлісу:
Түркияда вакцинациялау паспорты беріле бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Паспортты елде екпенің 2 дозасын қабылдаған азаматтар ала алады. Қазір олардың саны 10 миллионнан асады, деп хабарлайды Хабар24.

Азаматтың аты-жөні, туған жылы, куәлік номері мен қай екпе салынғаны жазылады. Құжатта «қауіпсіз туризм» логотипі мен QR код орналастырылады. Түрік елінде вакцинация құжатын қолдану жөнінде ақпарат жоқ. Дегенмен, көршілес Еуропа мемлекеттеріне саяхаттап барушылардан екпе куәлігін талап ететіндігі туралы ақпарат жиілеп кетті.

Түркия тұралап тұрған туризмді жандандыру мақсатында салада жұмыс істейтін әрбір қызметкерге екпе салдыруды көздейді.

Вакциналау құжатының берілуі мен секілді адамдар үшін жақсы болды. Себебі бала-шағам шетелде тұрады. Оларға бару үшін қазір осы құжат керек екен. Сондықтан артық етпес,- дейді Мехмет Бейнамлы атты ел тұрғыны.

Өзгелердің жаңалығы