Түркия туристерді қарсы алуға дайын ба?

21 Мамыр 2020, 17:46
1908
Бөлісу:
Түркия туристерді қарсы алуға дайын ба?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түрік билігі коронавирустан сертификатталған жоспардағы қауіпсіздік бойынша туристік нысандарды маусым айының басында жариялайды. Бұл туралы елдің Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Эрсой мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

Біз әуежайларда, көлікте, қонақ үйлер мен мейрамханаларда әрекет ететін қауіпсіздікті сертификаттау жүйесін енгіздік. Бағдарлама мамыр айында жүзеге асырылады, ал нысандар маусым айының басында жарияланады, - деді Эрсой.

Ол туризм саласында жұмыс істейтін қызметкерлер қарқынды және тұрақты оқудан өтіп, халықаралық компаниялардың бақылауында болатынын атап өтті. Туристер мобильді қосымша мен QR код қолданып жұмыс істейтін компаниялар туралы толық ақпарат ала алады.

Біз әуежайларда тестілеу орталықтарын (коронавирусқа арналған) құрдық, ол арқылы туристер көп ағылады. Біз соңғы 72 сағатта тестілеуден өтпеген қонақтарды тексереміз, - деді агенттіктің дереккөзі.

Ол Түркия билігі пандемиядан кейін туризмдегі қауіпсіздік жүйесінің жұмыс істеуі туралы, сондай-ақ елдің медициналық әлеуеті туралы 70 елдің мүдделі ведомстволарын хабардар еткен.

Осы шаралар аясында біз қонақтарымыз үшін барлық қажетті гигиеналық жағдайларды және қауіпсіз саяхаттау мүмкіндіктерін ұсынамыз, - деп толықтырды министр.


Өзгелердің жаңалығы