«Түркістанға оралу» түркі халықтары этно-өнер фестивалі басталды

23 Сәуір 2019, 22:26
2766
Бөлісу:
«Түркістанға оралу» түркі халықтары этно-өнер фестивалі басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістанда алғаш рет «Түркістанға оралу» түркі халықтары этно-өнер фестивалі өтуде. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін бастау алған фестиваль қатысушыларының концертінде түркітілдес халықтарының этнофольклорлық ансамбльдері мен дәстүрлі орындаушылары, ұлттық аспапта жеке орындаушылар өнер көрсетті. Сонымен қатар, қазақ халқының дәстүрлі музыка өнері де көрермен назарына ұсынылды.

«Түркістанға оралу» түркі халықтары этно-өнер фестивалі басталды

«Киелі шаһарды ән-күйге бөлеген айтулы шара «Түркістан – Түркі әлемінің бесігі» атты Түркі кеңесі түркі университеттер Одағының ІV Бас ассамблеясы мен Түркі Кеңесі жас көшбасшыларының ІІ Форумы аясында облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы мен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетімен бірігіп ұйымдастырылды», - делінген хабарламада.

Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, этно-өнер фестивалінің басты мақсаты - түркітілдес елдер арасындағы бауырластық байланыс пен достықты, түркілік мәдениет пен өнерді ұрпақтан ұрпаққа дәріптеу, қазақ және түркітілдес халықтардың дәстүрлі музыкасын жан-жақты жеткізу, дауыстық және аспаптық шығармашылықтың өркендеуіне, сирек ұшырасатын аспаптарда орындалатын жанрлардың жаңғыруына және дамуына, қолдау көрсету, олардың өзара тәжірибе алмасуына жағдай жасау және дәстүрлі өнерді насихаттау болып табылады.

Айта кетейік, өнерпаздардың басын қосқан мерекелік концерт ертең гала-концертпен аяқталады.

Өзгелердің жаңалығы