Түркістандық балуан қыздар ел чемпионатында топ жарды

28 Сәуір 2021, 09:43
1336
Бөлісу:
Түркістандық балуан қыздар ел чемпионатында топ жарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орал қаласында қазақ күресінен жасөспірім қыздар арасында Ел чемпионаты мәресіне жетті. 

Боз кілем көркін қыздырған 2004-2005 жылғы қыздар бас жүлде үшін бар күш-жігерлерін ортаға салды. 

Батыс өңірінде өткен жас балуандар бәсекесінде Түркістан облысының бұрымдылары 2 алтын, 1 күміс, 4 қола медальді еншілеп, жалпы командалық есепте жеңіс тұғырынан көрінді. Дүбірлі додада Дана Айтбаева мен Құралай Саттар топ жарып, алтын медальға қол жеткізді. 

Түркістан облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Шолпан Алтынбек күміс медаль олжалады. 4 бірдей ару қола медальді құрама қоржынына салды. Олардың қатарында: Ләззат Рахматулла, Венера Тұрсынбек, Гүлнәз Өмірбек және Балжан Сатилла бар. 

Өзгелердің жаңалығы