Бас жаңалықтар
«Түркістанды бірге түлетейік» конкурсына қатысыңыз
10 Ақпан 2019, 16:58 725

«Түркістанды бірге түлетейік» конкурсына қатысыңыз

Астана, BAQ.KZ. Жаңа облыс орталығы – Түркістан қаласын түркі әлемінің рухани мекеніне  айналдырып, туристерді тарту мақсатында барлық салада түбегейлі бетбұрыс жасалып, ауқымды жұмыстар атқарылуда.


"Көне шаһарды дамытудың кешенді жоспарлары мен оңтайлы өзгерістерін кең көлемде насихаттау тұрғысында Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен «Түркістанды бірге түлетейік» республикалық байқауын бастаймыз", - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

2019 жылдың 1 ақпаны мен 10 маусым аралығында жүзеге асатын шараға кәсіби журналистер мен әлеуметтік желі белсенділері қатысып, авторлық мақалалар мен бейнетүсірілімдерін жолдай алады. 

Ұсынылатын жұмыстар:

1.Ең үздік газет пен сайт материалдары; 
2. Әлеуметтік желідегі жарияланымдар (фейсбук желісі мен инстаграм парақшасы);
3. YouTubе каналындағы имиждік бейнетүсірілім аталымдары бойынша қарастырылады.

Материалдардың саны мен көлеміне шектеу қойылмайды. Әлеуметтік желідегі таралымы мен сапасына, мазмұнына мән беріледі.

  Материалдар мен жазбалар әлеуметтік желіде #«Түркістанды бірге түлетейік» хэш-тегімен жарияланып, сілтемесі qanshaiym777@gmail.com поштасына жіберілуі тиіс. Әлеуметтік желіні пайдалану этикасы мен құқықтық ережелер сақталуы міндетті. 

  Жүлдегерлер әр аталым бойынша марапатталады:
 І орын – 350 мың теңге
ІІ орын – 250 мың теңге
ІІІ орын – 150 мың теңге

Үздік шыққан 9 жеңімпаз Түркістан қаласында өтетін марапаттау рәсіміне шақырылып, облыс көлемінде жоспарланған пресс-турға қатысады.

Сізден жаңалық