Бас жаңалықтар
Түркістанда көшелерді қардан тазарту жұмыстары жалғасуда
23 Қаңтар 2021, 19:32 166

Түркістанда көшелерді қардан тазарту жұмыстары жалғасуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін де қалада қардың тоқтаусыз жаууы күтілуде. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Түні бойы жауған қар салдарынан қала көшелері қарға оранып, автокөлік жолдары, жаяу жүргіншілер жолдары, аялдама, саябақ және басқа да орындарды қардан тазарту жұмыстары түннен бері жалғасты.

«Түркістан жарық - тазалық», «Жасыл арман» және «Жасыл Түркістан» мекемелерінен жалпы саны 500-ге жуық қызметкер мен 40-қа жуық техника жұмылдырылды.


Бүгін де қалада қардың тоқтаусыз жаууы күтілуде. Сол себепті мамандар ауысыммен жұмыс жасауын жалғастырып, көлік қозғалысында қиындық туындамас үшін инертті материалдарды себу жұмыстары жанданады.


Фото: дереккөз
Загрузка...