Бас жаңалықтар
Түркістан облысының 70-ке жуық тұрғыны солтүстікке қоныс аударды
08 Сәуiр 2019, 22:23 672

Түркістан облысының 70-ке жуық тұрғыны солтүстікке қоныс аударды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының 70-ке жуық тұрғыны солтүстік өңірлерге қоныс аударды, деп мәлімдейді Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Түркістандықтардың ішінде солтүстік өңірде тұрақтап,  жұмыс істеу үшін түбегейлі шешім қабылдаған тұрғындар да жетерлік. Солтүстікке қоныс аударуды қолдайтын мемлекеттік бағдарлама қолға алынған 3 жылдың ішінде өңірден 700-ден астам отбасы көшіп барған. Былтырдың өзінде 500-ге жуық отбасы жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныс аударған.

Қоныс аударушыларға мемлекеттен қолдау зор. Түркістан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Тұрар Құдайбергеновтің мәліметінше, бағдарлама қатысушыларына тұрғын үйді жалдау мен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығындары да төленеді. Сондай-ақ, әрбір отбасы мүшесіне бір реттік 35 АЕК мөлшерінде материалдық көмек беріледі. Мамандардың айтуынша,  қазір солтүстік өңірлерінде 3 мыңнан аса бос жұмыс орны бар. Қоныс аударушылар санының жылдан-жылға өсіп келе жатқандықтан теріскей өңірі  тұрғын үй құрылысына да қарқын беріп отыр.

Айта кетейік, жыл соңына дейін облыстан еңбек күші тапшы өңірлерге 1500-ден асатын мүшесі бар 400 отбасы қоныс аударады деп күтілуде. Қазір салаға жауаптылар солтүстікке көш бойынша ауылдық елдімекендерде насихат жұмыстарын жүргізуде. 

Загрузка...

Сізден жаңалық