Түркістан облысында қыс қаһарына мінді: Көліктер қар құрсауында қалды

22 Қаңтар 2021, 17:12
3323
Бөлісу:
Түркістан облысында қыс қаһарына мінді: Көліктер қар құрсауында қалды
PHOTO VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 21 қаңтарынан бастап, Түркістан облысында ауа райы өзінің тосын мінезін танытып, қыс қаһарына мінуде. Облыста қалың қар жауып, жел ұйытқуда. 

Үздіксіз соққан ақ түтек боранның салдарынан республикалық маңызы бар жолдарда көліктер қиындықтарға тап болуда.

Түркістан облысында қыс қаһарына мінді: Көліктер қар құрсауында қалды

Бет қарыған суық, ұйытқыған қар көліктердің қозғалуына кедергі келтіруде. Сондықтан осындай жайттарды ескерген Түркістан облысы полиция қызметкерлерінің жеке құрамы жолға шыққан және жолда қалып қойған жүргізушілер мен жолаушыларға көмек көрсету үшін жедел жұмылдырылды.  

Түркістан облысында қыс қаһарына мінді: Көліктер қар құрсауында қалды

Мәселен Ордабасы ауданының полиция қызметкерлері жол бойына тоқтап тұрған көліктердің ішінде адам қалып қоймасы үшін, барлық көліктерді біртіндеп тексеріп шығуда. Ал омбы қарға батып, жолы жабылып қалған жеңіл көліктерді өздерінің қызметтік көліктерімен сүйреп, тегіс жолға шығаруда. Кейбір көлікте қалып қойған адамдарды жақын маңдағы жылы орындарға жеткізіп, қажетті көмектердің барлығын көрсетуде. 

Жолда қалып қойған едік. Полиция қызметкерлері көмектесті. Рақмет. Алла разы болсын, - деп ризашылығын жеткізді жолда қалған жолаушылардың бірі.

Түркістан облысында қыс қаһарына мінді: Көліктер қар құрсауында қалды

Құрметті жүргізушілер боранда мейлінше сабыр сақтап, жылы үйде отырғандарыңыз жөн. Алыс жолға мүлде шықпаңыздар. Бірқатар жолдар қардың салдарынан жабылып, автокөліктер жүрісін тоқтатып жатыр. Қысқы маусымда міндетті түрде көліктеріңізді мезгілге сай дөңгелектермен жабдықтаңыздар, - деп ескертті Ордабасы аудандық полиция бөлімі патрульдік полиция тобының қызмет инспекторы полиция аға лейтенанты Ержігіт Қонарбаев.
 
Өзгелердің жаңалығы