Түркістан облысында 4 ірі инвестициялық жоба іске қосылды

16 Қараша 2021, 09:12
932
Бөлісу:
Түркістан облысында 4 ірі инвестициялық жоба іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Түркістан облысында 18,3 млрд теңгені құрайтын 587 жаңа жұмыс орнымен 8 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған.

Бүгінгі таңда жалпы сомасы 2,9 млрд теңгелік 4 жоба іске қосылды. Нәтижесінде 154 жұмыс орны құрылды. Бұл туралы облыстық  инвестиция және экспорт басқармасының басшысы Қайрат Әзімов брифингте мәлімдеді.

Баспасөз мәслихатында басқарма басшысы облысымыздағы 9 индустриалды аймақтарда инфрақұрылымдық мәселелер ретімен шешіліп жатқандығын жеткізді. Сондай-ақ, артылған міндетті орындау жолында барлық мүмкіндіктерді пайдалану керектігін баса айтты. 

Негізінен өңір көлемінде 2020-2025 жылдарға мемлекеттік индустриялды – инновациялық даму бағдарламасының өңірлік кәсіпкерлік қолдау картасына 299,7 млрд теңгені құрайтын 5 171 жаңа жұмыс орнын құрумен 32 инвестициялық жоба енгізілген. Ал 2022-2025 жылдары өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына инвестициялық құны 243,1 млрд теңгені құрайтын  2 220 жаңа жұмыс орнын құрумен  12 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған, - деді Қайрат Мұратұлы.

Статистика комитетінің ресми деректеріне сәйкес, 2021 жылдың қаңтар-қараша айларында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 478,6 млрд теңгені құраған. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 9 айында өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 9,1 млрд теңгеге жеткен. 

Өзгелердің жаңалығы