Бас жаңалықтар
Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық мәселелері. Өткен жылы 1400-ге жуық басқару нысаны құрылды
27 Қаңтар 2021, 12:49 183

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық мәселелері. Өткен жылы 1400-ге жуық басқару нысаны құрылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде көп пәтерлі тұрғын үйді басқарудың жаңа нысандарына көшу тәртібін түсіндіру туралы онлайн брифинг кезінде ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Еркебұлан Дауылбаев айтты.

2020 жылы 7 қаңтарда «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңы күшіне енді.

Оның айтуынша, заң негізгі мәселелерді шешуге бағытталған.

Олардың бірі - «бір үй, бір бірлестік, бір есепшот» қағидаты бойынша мүлік иелерінің бірлестігі коммерциялық емес ұйымының жаңа нысанын құру жолы мен басқару органдарының қызметін реттеу. Заңды іске асыру мақсатында 2 қаулы және 16 нормативтік-құқықтық акті қабылданды. Мүлік иелерінің бірлестіктері немесе жай серіктестік институтын енгізу жөніндегі реформаны іске асыруды қамтамасыз ету және Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру мақсатында ҚР Әділет министрлігінің деректеріне сәйкес бүгінгі күні 1 132 жаңа басқару нысаны құрылды. Олардың басым бөлігі Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында орналасқан, - деп атап өтті ол.

Еркебұлан Дауылбаевтың сөзінше, басқарудың жаңа нысандарын құру пайызының төмендігі тұрғындардың жиналыстарды шектейтін карантин шараларымен байланысты.

Тұрғын үй қатынастары саласындағы өзгерістерге көп пәтерлі тұрғын үйлерді басқару саласындағы азаматтардың шағымдары түрткі болып отыр. Меншік иелері көп пәтерлі тұрғын үйді толық басқару үшін объектінің ортақ мүлкінің құрамы және әр пәтер иесінің үлесін анықтай отырып тіркеу қажет. Тұрғындар ортақ мүлікке назар аударып ұқыпты қарауы тиіс. Бұл тұрғын үй қорын сақтап қалуға мүмкіндік береді. Сондықтан пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың иелерінің қаражаттың түсуімен және жұмсалуының ашықтығын қамтамасыз ету үшін өз үйінде мүлік иелерінің бірлестігін немесе жай серіктес құру қажет екенін түсінуі маңызды, - деп түсіндірді комитеті төрағасының орынбасары ОКҚ-де.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...