Бас жаңалықтар
Тура жарты жылда қабылданды. Мәжілісте Каспийге байланысты заң жобасы қолдау тапты
02 Желтоқсан 2020, 11:16 149

Тура жарты жылда қабылданды. Мәжілісте Каспийге байланысты заң жобасы қолдау тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Каспий теңізінде қызметті жүзеге асыруға байланысты заң жобасы қабылданды.

Осыдан жарты жыл бұрын, яғни 2020 жылдың 2 маусымында Мәжіліске «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Каспий теңізінде қызметті жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы енгізілген. Сол заң жобасы бүгін жалпы отырысқа шығарылып, бірінші оқылымда мақұлданды.

2018 жылғы 12 тамызда бесінші Каспий саммиті барысында қол қойылған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны Қазақстан 2019 жылғы 8 ақпанда ратификациялады. Конвенция құқықтық реттеуді қажет ететін әрбір мәселе бойынша табанды әрі қағидатты пікірталастармен қоса, 20 жылдан астам уақыт алған ұзақ және күрделі келіссөздер үдерісінің нәтижесі болды. Каспий жағалауы мемлекеттері акваторияны әртүрлі режимге, аумақтарға, ішкі суларға, ені 15 теңіз мильі болатын аумақтық суларға, 10 мильдік балық аулау және ортақ теңіз кеңістігіне бөлу туралы консенсусқа қол жеткізді, - дейді Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді.

Оның айтуынша, заң жобасында «балық аулау аймағы», «балық аулау аймағының режимі» деген ұғымдар енгізіліп отыр, сондай-ақ балық аулау аймағында су биологиялық ресурстарына кәсіпшілік жүргізуге Қазақстан Республикасының айрықша құқықтарының сақталуын бақылау жөніндегі мемлекеттік органдардың құзыреті және олардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі бекітіледі.

Конвенцияның ережелерін ескере отырып, қолданыстағы «аумақтық сулар енінің есебі үшін бастапқы сызық», «аумақтық сулар», «Қазақстан Республикасының шекаралық кеңістігі» деген ұғымдарға өзгерістер енгізілуде. Заң жобасымен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кемелер жасауды ұйымдастыру, Қазақстан Республикасы шекара қызметі кемелерінің танып айыру белгілері мен сыртқы бояуының сипаттамасын және оларды қолдануды бекіту бойынша құқықтық актілер қабылдау құзыреті бекітіледі, - дейді министр.


Фото: дереккөз
Загрузка...