Бас жаңалықтар
Цой: Дәрі-дәрмекті қымбатқа сатқандар жауапқа тартылады
02 Шілде 2020, 16:56 178

Цой: Дәрі-дәрмекті қымбатқа сатқандар жауапқа тартылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен "КВИ таралмау мақсатындағы шаралар аясында карантин енгізу жоспары туралы" брифинг барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

Медициналық ұйымдарға науқастарды коронавирус инфекциясынан емдеу үшін антибиотиктің 16 түрі үздіксіз жеткізіліп жатыр. Сондай-ақ, қажетті дәрі-дәрмектерді дәріханаларға жедел жеткізу мақсатында дистрибьюторлармен келіссөздер жүргізілуде. Спекуляцияға жол бермеу үшін әкімдіктер бір адамға дәрі-дәрмекті шектеулі түрде сату мәселесін реттейтін болады. Осы аптаның соңына дейін бөлшек сауда желілеріне вирусқа қарсы препараттардың 70 мың қаптамасы жеткізіледі. Дене қызуын түсіретін дәрілер, мысалы, парацетамол Қазақстан нарығына түсе бастады. Қазіргі таңда бұл препараттың нарыққа түрлі өндірушілерден 700 мың қаптамасы жеткізілді. Алдағы екі аптада парацетамолдың тағы 800 мың қаптамасын жеткізу көзделген, - деді ол.

Министр өткен аптаның соңынан бастап отандық өндірушілер дистрибьюторларға қажетті дәрі-дәрмектерді жеткізе бастаған. Мысалы, "Азитромицин" препаратының 100 мың қорабы нарыққа келіп түсті.

Сонымен қатар, жақын күндері отандық нарыққа "Левофлоксацин" дәрісінің 30 мың қорабы, "Амоксициллин" дәрісінің 75 мың қорабы, "Ципрофлоксацин" дәрісінің 70 мың қорабы, "Цефуроксим" дәрісінің 150 мың қорабы, "Цефтриаксон" дәрісінің 858 мың қорабы келіп түседі. Дәрі-дәрмекті шекті бағасынан қымбатқа сатқаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Нақтырақ айтқанда, оларға айыппұл салынады. Ал егер мұндай заң бұзушылық екінші рет тіркелсе, дәріхананың лицензиясын тоқтатуға қатысты шара қабылданады. Сонымен бірге, дәрі-дәрмекті дәрігердің рецептінсіз сатқаны үшін де әкімшілік жауапкершілік барын ескертеміз. Интернет арқылы рецептсіз сату жағдайлары тіркелді. Мұндай жағдайлар заңмен қадағаланады, - деді Цой.


Фото: дереккөз
Загрузка...