Бас жаңалықтар
"Цифрлық Қазақстанның" беті ашылды – Дариға Назарбаева
09 Сәуiр 2020, 12:42 16219

"Цифрлық Қазақстанның" беті ашылды – Дариға Назарбаева

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Сенаттың жалпы отырысында Дариға Назарбаева "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасын қайта қарау керектігін айтты.

 
"Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы шұғыл қайта қарау керек. Дағдарыс кезеңі мәселенің бетін ашты. Нағыз сын кезінде мемлекеттік ақпараттық ресурстар мен электронды қызметтерде проблемалар қордаланып тұрғаны көрінді. Мұны мойындауымыз керек, - деді Дариға Назарбаева.  

Ол бұл мәселені депутаттар бірнеше мәрте көтергенін, мемлекеттік бюрократияның цифрландыру, басқару жүйесін жеделдетіп жүргізуге, ел экономикасындағы проблемаларды шешуге мүдделі еместігін айтты. 
Енді біз бұдан әрі күте алмайтынымызды көріп отырмыз, әрекет ету керек. Бүгінгі күнде әлемдік экономикадағы жағдай өзгерді. Сондықтан мемлекеттік саясатта жаңа басымдықтарды қажет етеді, - деді Сенат спикері.
Сонымен бірге ол президенттің ел азаматтарына, шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі нұсқаулары тек төтенше жағдайды ғана емес, дағдарыстан шығудың барлық кезеңін қамтитынын атап өтті.  
Қазір ең бастысы - осы маңызды шараларды жүзеге асыру және олардың нақты әрі тиімді орындалуын қамтамасыз ету.Өкінішке қарай сол міндеттердің жергілікті жерде орындалуы – өте көп сұрақты туындатып жатыр, - деді Назарбаева.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...