Третьяков галереясындағы картина қолды болды

28 Қаңтар 2019, 11:19
2717
Бөлісу:
Третьяков галереясындағы картина қолды болды

Астана, BAQ.KZ. Мәскеудегі Третьяков галереясынан Архип Куинджидің картинасын ұрлап кетті. Бұл жөнінде РИА Новости порталы хабарлайды.

Архип Куинджидің «Ай-Петри. Крым» атты картинасына галерея қызметкері болып киінген белгісіз біреулер ұрлап кеткен. Ол музейге келушілердің көзінше картинаны жиектемесінен шешіп алып кеткен.

Қазіргі уақытта картина ұрланған өнер туындылары тізіміне енгізілді. РФ Мәдениет министрлігі Музейлер департаментінің директоры айтқандай, бұл аталған дүниені ел шекарасынан алып шығудың алдын алады.

Галерея ғимаратында өте көп полция қызметкерлері жүр. РФ ІІМ өкілі Ирина Волктың айтуынша, қазір белгісіз біреулердің картинаны қабырғадан шешіп алғанын бейнебақылау камералары жазбаларымен расталып отыр.

Аталған өнер туындысы «Стерх» атты якутиялық компаниясында 12 млн рубльге сақтандырылған. Галереяда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы